"Еуразия Инновациялық Ғылыми-Зерттеу Орталығы"| Халықаралық конференциялар платформасына хош келдіңіз
Халықаралық-ғылыми тәжірибелік конференция материалдары жинағы жарыққа шықты.
"Еуразия Инновациялық Ғылыми-Зерттеу Орталығы" ЖШС, "Inter-conf.kz" Сentral Asia ұжымы, Жібек Жолы халықаралық қауымдастығы, Қазақ-Түрік ғылыми бірлестігі және Ұлытау университетімен бірлесіп, Қолданбалы және теориялық педагогикалық зерттеулердегі инновациялар, жетістіктер мен проблемалар: Түркия- Орталық Азия. Осындай атаумен Бурса қаласында ғылыми- тәжірибелік конференциясының жинағы жарыққа шықты. 
Конференцияға еліміздің шартарабынан 50 ден астам мұғалім қатысып, туыстас әріптестермен тәжірибе алмасты. Ұстаздар түрік мектептерін аралап, жұмысымен танысты. Бұдан бөлек, педагогтар Ыстамбұлдағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жергілікті диаспора өкілдерімен кездесті. Айта кеткен жөн, делегаттар мыңнан астам мұғалімдер арасынан таңдалған. Конференцияда баяндамалар, ғылыми-әдістемелік мақалалар қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерінде қабылданып, арнайы жинақта жарық көрді. Жинақты төмендегі сілтемеден немесе сайтымыздың мұрағат бөлімінен жүктей аласыздар. Ғылыми жинақты жүктеу
Made on
Tilda